Өртті болдырмаудың жолы – тиянақтылық

204 Views

Өрт талдауы бойынша өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында орын алуда.
Өрттердің шығуының негізгі себептері: тұрғындардың от қолда­ну­дағы абайсыздықтары, электр құрал­дары қондырғыларының ақаулығы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы, пеш мұржасы мен пештің ақаулығы, балалардың от­пен ойыны, қасақана өртеу және т.б. Соны­мен қатар, мас күйінде темекі шегу өрт­тің шығуына көп жағдайда себеп­ші, тіпті мұндай өрттердің соңы адам өлі­міне әкеледі.
Өртке келгенде баланың да шала­лығы бар. Қолына сіріңке ұстап, ашық отпен ойнаған бүлдіршіндердің абай­сыз­дығынан болып жатқан өрт оқи­ға­лары да аз емес. Сондықтан да оттың не екендігі, оның пайдасы мен қатар, қандай қауіпті екендігін балаға ерте жастан түсіндірген жөн. Сонымен қатар күнделікті өмірдегі қолданылып жүрген тұр­мыстық техникаларды пайдалану кезінде мұқият болыңыздар. Келесі жайт­тарды естен шығармағандарыңыз жөн.
Электр жабдықтары мен электр құралдарын қолданған кезде электр есеп­тегіштерде тек қана зауытта жасал­ған сақтандырғыштар болу керек. Бөл­мелерді жылыту үшін қолдан жасалған электр жылытқыштарды қолдануға болмайды. Электр жүйесіне бірнеше жоғары қуатты электр құралдарын қосуға болмайды. Бұл оның шамадан тыс артуына әкеліп, өрттің себебі туындауы мүмкін. Сонымен қатар, ескі уақытша электр сымдарын пайдалану қысқа мерзімді тұйықталуға әкеліп соғады.
Тыйым салынады:
– газ, электр құралдарын және жа­нып жатқан пештерді қараусыз қал­дыруға;
– кішкентай балаларды үйге қамап ке­туге, оларға сіріңкемен ойнауға рұқсат беруге;
– темекі шеккенде абай болыңыздар, өшіріл­меген темекі тұқылын еденде немесе жатын орында қалдырмаңыздар.
Өрт болған жағдайда 101 нөміріне телефон шалып, өрт болып жатқан жердің тура мекенжайын хабарлауды ұмыт­паңыздар. Ендеше біз де қарап қал­май, табиғат сыйға тартқан әсем жер­лерді, адал еңбекпен салынған баспана­ларымызды тілсіз жаудан сақтай білейік.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт
сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: