Семинар өтті

187 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Аудандық сотта 2023 жылдың 12 айында мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға Тұрар Рысқұлов аудандық сотының судьялары мен сот әкімшісінің мамандары қатысты.
Төраға А.Замбаев өз сөзінде:
– Тілдің қолдану деңгейін көтеру –біз­дің міндетіміз. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғам­дық қатынастар саласында, заң жобаларында, сот ісін жүргізуде қолда­ны­лады. Сондықтан мемлекеттік тілдің қолданылуы жоғары деңгейде болуы тиіс, – деді.
Сондай-ақ, сот төрағасы статис­тика­лық мәліметтерге тоқталды. 2023 жылдың 12 айында Тұрар Рысқұлов аудандық сотының өндірісінде жалпы саны – 1350 іс қаралып, оның 994-і мемлекеттік тілде, яғни, 74%-ды құрады. Құжат айналымдары, яғни, кіріс құжат 57%-ды, шығыс құжат 93%-ды, ішкі құжат 99%-ды құрады.
Сонымен қатар, семинарға қатысу­шылар тіл мәселесі қазіргі кезде өте өзекті екенін және қай кезде болсын өз ана тіліміздің мәртебесін түсірмеу жайлы өз пікірлерін айтты.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: