САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және 16-1 бабына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Округтік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» №33-4 шешімімен сайланған комиссия мүшелерінің өз еріктерімен мерзімінен бұрын комиссия мүшелігінен шығып кетуіне байланысты төмендегі аталған, яғни № 2 және № 7 округтік сайлау комиссияларына бір орынға бір кандидаттан өз кандидатураларыңызды ұсынуларыңызды сұраймыз.
Сіздер өз тараптарыңыздан 2024 жылдың ақпан айының 15-не дейін жоғарыдағы аталған сайлау комиссияларына өз кандидаттарыңыздың тізімі мен қажетті құжаттарын ұсына аласыздар. Атап айтқанда:
1. Кандидатты тиісті сайлау комиссиясының құрамына ұсыну туралы саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органдары отырысының хаттамасынан үзінді.
2. Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарына тіркелгендігі туралы құжаттардың көшірмесін.
3. Кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші қоса жіберіледі.
Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты аппаратының мекенжайы: Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі № 75. Байланыс телефондары: 2-12-23, 2-12-76. Электрондық пошта: E-mail: masl.t.ryskulova@mail.ru.
Аудандық мәслихат аппараты.