ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
263 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Жақында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аппараттық кеңес өтті. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ аудандық филиалының жер кадастры бағытының есептік кезеңде атқарылған жұмыстары баяндалды. Сонымен қатар, күн тәртібінен тыс ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына елдімекендердің шекараларын кеңейту, ауыл тұрғындарына берілген жер учаскелерін ретке келтіру, атшабар алаңдарын заңдастыру, мамандандырылған кооператив ашу жұмыстарын жүйелеу және көктем мезгілінің жақындауына байланысты туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында таулы аймақтағы, ауылішілік көпірлерді тазалау жұмыстарын жандандыру қажеттігі айтылып, келесі аппараттық кеңестің күн тәртібі пысықталды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.