143 Views
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 12 шілдедегі № 138-VII Заңын іске асыру шеңберінде, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кішігірім ЖКО кезінде міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлемін ресімдеу жеңілдетілген тәртібі енгізіледі (бұдан әрі — Еурохаттама).
Осыған орай, «Еурохаттама» арнайы мобильді қосымшасы әзірленді. Оның пайдаланушылары сақтандыру ұйымына өтінімді онлайн беріп, биометриялық сәйкестендіруден өтіп, цифрлық құжаттарды, фото және бейне материалдарды қоса алады. Олардың негізінде сақтандыру компаниялары зардап шеккендердің банк шотына төлемді жүзеге асырады.
Бұл тәртіп ЖКО-ның 2 қатысушыдан артық емес, залал сомасы 100 АЕК-ден аспайтын, үшінші тұлғаның денсаулығына және мүлкіне зиян келтірілмеген, екі қатысушыда міндетті автосақтандыру полисі болса, сондай-ақ, өзара келісім кезінде, олардың біреуі кінәсін мойнына алса, қолданылуы мүмкін.
Өз кезегінде, аталған тәртіпті пайдаланған тұлғалар ЖКО жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Жоғарыдағыларға байланысты талап етемін:
1.«Еурохаттама» мобильді қосымшасы (қосымша жүктеу үшін Google Play және Apple Store мобильді қосымшаларында қол жетімді) функционалымен жеке құрамды оқыту ұйымдастырылсын.
2. ЖКО-ға қатысушыларының оны дұрыс және тиімді пайдалану мақсатында, оқиға орнына шығу кезінде, қатысушыларға ЖКО-ны осылай ресімдеу мүмкіндігі түсіндірілсін. Сондай-ақ, «Еурохаттама» мобильді қосымшасын пайдалану кезінде көмек көрсетілсін.
Аудандық полиция бөлімі.
Поделиться ссылкой: