Газ баллондарын пайдалану ережелері

224 Views

Газ баллондарын тұрмыста қол­данудың артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мысалы, баллонды тасымалдауға және ауыстыруға болады. Ал, газ құйыл­ған баллонды бірнеше жыл сақтауға болады. Сонымен қатар, газ баллонды жабдықты қосу және пай­далану кезіндегі қателіктер өрт және жарылыс қауіптілігінің жоғарылауына әкеліп соқтыратынын ұмытпау керек.
Газ­ды тұтынумен байланысты жабдық жа­рамды болуы тиіс. 5 жылда бір реттен кем емес баллондарды техникалық куә­лан­дыруды жүргізген жөн. Баллонды қосу немесе ауыстыру кезінде барлық қосы­лыстардың герметикалығын са­бын­ды ерітіндінің көмегімен тексеру керек.
Газдың шығып кетуін сабын көбігімен көзбен анықтауға болады. Газдың шығып кетуі шлангтың жалғанған жерлерінде орын алады. Сондықтан жұмыс істеп тұрған газ плиталары мен су жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыз. Жалынның үрленуіне немесе сұйықтықпен құйы­луына жол бермеңіз. Өз іс-әрекет­теріңізді бақыла­майтын кішкентай бала­ларды, адам­дарды газ жабдықтарын пайда­лануға жібермеңіз.
Есіңізде болсын! Газ жануы үшін тұрақты ауа ағыны қажет. Газ плитасын (су жылытқышты) жаққанда терезе әрқашан ашық болуы керек. Газ беру кенеттен тоқтатылған жағдайда газ аспаптары кран­дарын дереу жабыңыз және 104 теле­фоны бойынша авариялық газ қызметіне хабарлаңыз.
Түтін және желдету каналдарында тартқыштың болмауы газдың жану өнімдерімен улануға әкелуі мүмкін. Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану үшін ережелерді білу ғана емес, сондай-ақ, пайдаланылатын газ жабдығының жарамдылығы да маңызды рөл ат­қарады.
Қайғылы жағдай болмау үшін пәтерішілік және үйішілік газ жаб­ды­ғына мерзімді техникалық қызмет көрсету қажет.
Егер сіз бөлмедегі газдың иісін сезсеңіз, газ аспаптарын пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Аспаптарда және аспаптар алдында крандарды жабыңыз. Бөлмені желдету үшін терезелерді ашыңыз. Ашық отты қолданбаңыз, темекі тартпаңыз, электр жарығы мен электр құралдарын қоспаңыз және өшірмеңіз. Электр қоңырауларын қолданбаңыз. Авариялық қызметті газдалмаған бөлмеден «104 » телефоны арқылы шақырыңыз. Тұрмыста газ­ды пайдалану ережелерін бұзу газ жары­лысына, өртке, үй­дің қирауына және адам өліміне әкелуі мүмкін. Ойланыңыз! Өйткені, сіз­дің дұрыс іс-әрекеттеріңізге тек сіздің өміріңіз ғана емес, жақындарыңыздың, сондай-ақ, көрші­леріңіздің өмірі де байланысты екенін ескертеміз. Төтенше жағдайлар кезінде «101» немесе «112» телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: