Қазақстанда медициналық маска режимі қайта енгізілді

48 Views

Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулыға қол қойды. Онда «Жергілікті денсаулық сақтау басқармалары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, медициналық ұйымдарда персонал мен келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын қамтамасыз етсін» делінген.
Құжатқа сай денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде кигені жөн.
Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын шектеу үшін қолға алынып отыр.

Поделиться ссылкой: