Аудан басшысы кітапханаға кітап сыйлады
54 ViewsӘулиеата өңірінде кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Осы орайда, өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов кітапхана қызметкерлерімен жеке кездесіп,…
Жақында Тұрар Рысқұлов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Тлепов Луговой ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде, Құлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебінде кездесу өткізді. Кездесуге мектеп ұжымымен бірге 9, 10, 11-сынып оқушылары қатысты.
Кездесу барысында Манарбек Әміреұлы ел Президентінің іске асырып жатқан іргелі реформаларын тілге тиек етіп, бүгінгі бейбіт күннің әр сәтін бағалау қажеттігін оқушыларға өмірлік сабақ ретінде атап өтті. Сондай-ақ, Манарбек Әміреұлы жақында ғана Дүниежүзілік сайлау күні аталып өткендігін айтып, егемендіктің қадірін әрқашан ту етіп ұстау қажеттігін назарға салды. Өз кезегінде оқушылар тарапынан да сұрақтар қойылды. Ұлттық тәрбие, отансүйгіштік, мемлекеттік мүдде тұрғысынан қойылған сауалдарға Манарбек Әміреұлы жан-жақты мысалдар арқылы жауаптар қайырды. Дәл осындай кездесулер Құлан агротехникалық жоғары колледжі мен Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің жанындағы «Рухани жаңғыру» жобалық офисінде де өтті.
Марат Жолдасбекұлы.