Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
41 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі бірқатар білім ошақтарына 14 жаңа автобустың кілтін табыс етті. Олар Тараз қаласы мен Жамбыл, Меркі, Шу, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов аудандарындағы мектептерге берілді.
Жалпы, су жаңа автобустар заманауи талаптарға сай. Атап айтқанда, қауіпсіздік белдіктерімен, рюкзактарға арналған сөрелермен және есік ашылған сәтте қозғалысты бұғаттау механизмімен жабдықталған.
Сондай-ақ, барлық автобустар ерекше балалардың кіріп-шығуына арналған пандус қондырғыларымен қамтылған.
4 автобус 22 орынға, 10 автобус 38 оқушыға арналған. Балалар тасымалына арналған қоғамдық көліктермен оқушылар аудандық және облыстық деңгейдегі түрлі жарыстарға да қатынайтын болады.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.