129 Views
Тұрар Рысқұлов аудандық соты жол көлік оқиғасымен келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы Н.-ның Б.-ға қатысты талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.
Істі қарау барысында Қаракемер ауылында кешкі уақытта қараусыз қалған, жауапкер Б-ға тиесілі жылқы малы жолға шығып кетіп, нәтижесінде талап қоюшы Н-ның басқаруындағы «Toуota Camry» маркалы автокөлігімен жол бойындағы темір қоршауларына соқтығысқаны анықталды. Соның салдарынан талап қоюшыға материалдық залал келтірілген.
Сот отырысында жауапкер 2024 жылдың 30 мамырына дейін 500 000 теңге көлемінде материалдық шығынды талап қоюшыға төлеуге міндеттенеді. Ал, талап қоюшы өз кезегінде талап арыздан бас тартатыны жөнінде медиация тәртібімен келісімге келді.
«Құлан таңы» ақпарат.
Поделиться ссылкой: