Аппараттық кеңес өтті

134 Views

Өткен сәрсенбіде аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Ернар Есіркеповтің қатысуымен аппараттық кеңес өтті. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты. Аппараттық кеңесте өзекті мәселелердің бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру және көктемдегі дала жұмыстарының жай-жапсары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен талқыланды.
Аудан әкімдігі өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сақтасын Тастанов аудан дүкендеріндегі нан және басқа да азық-түліктердің бағасын айтып, жұмыстың тиісті деңгейде атқарылып жатқандығын өз баяндамасында мәлімдеді. Көктемгі дала жұмыстарының нәти­желігі бо­йын­ша аудан әкімдігі ауылша­руа­шылығы бөлі­мі­нің басшысы Темірғали Биғазиев атқа­рылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Ауылдық аймақтарда қанша гектар жер тыңай­тылып, малдарды асылдандыру жөнінде де мәселелер талқыланды.
Баяндамашылардан соң жиынды қорытын­дылаған аудан әкімі Ернар Есіркепов тиісті бөлім басшысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақ­тандыру бойынша кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізуді, аудан аумағында жүзеге асатын жобаларға заң аясында қолдау көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ, аудан әкімі жобалардың іске асуы ауданда жаңа жұмыс көздерінің ашылуына зор септігін тигізетінін атап өтті. Сонымен қатар, ауданда ай сайын жәрмеңкенің ұйымдастырылуын және әлеуметтік дүкендердің көптеп ашылуы керектігін жеткізді. Жұмыссыз жүрген аудан жастарын жұмысқа орналастыру, мемлекеттік гранттарға қатыстыру, қоғамдық жұмыстарға тарту сынды мәселелерге кеңінен тоқталып, бұл бағытта салаға жауапты бөлім басшыларына нақты атқарылатын жұмыстар жоспарын жасауды жүктеді.

Гүлнұр Аманжол.

Поделиться ссылкой: