Баспана мен жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті

134 Views

Кеше «Аманат» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі Ернар Есіркепов қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда әртүрлі мәселелер көтерілді. Мәселен, қоғамдық қабылдауға жазылған тұрғындардың басым бөлігі баспана, жұмыссыздық мәселелері туралы сауалдармен қайырылды. Ал, Құлан ауылындағы Қостанай көшесінің тұрғыны осы көшедегі жанбай тұрған көше шамдарының қашан ауыстырылатыны жөнінде сауал қойды. Әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы Ернар Серікәліұлы қойылған сауалдардың барлығына заңдық тұрғыдан нақты әрі дәйекті мысалдар арқылы жауаптар қайырды.
Кейбір мәселелер сол арада шешімін тауып жатты. Айталық, Қостанай көшесі тұрғынының сауалы бойынша Құлан ауылдық округінің әкімі Еркін Сейтжапаровқа нақты тапсырма жүктеліп, бір апталық мерзім берілді. Яғни аталмыш көшеде жанбай тұрған қанша көше шамының бары зерделеніп, назарға алынуы қажеттігі айтылды. Аудан әкімі Ернар Есіркепов бұл мәселені жұмыс кестесіне енгізіп, алдағы уақытта Қостанай көшесіне арнайы барып, өзі де бақылау жүргізетінін ескертті.
Осы секілді өзге де сауалдар қойған тұрғын­дардың барлығына да нақты әрі жан-жақты талдаулар арқылы жауаптар берілді.

Марат ДИХАНБАЙ.

Поделиться ссылкой: