Дөңгелек үстел өтті

137 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Атқару құжаттарының уақтылы орындалу мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге аудандық соттың төрағасы, аудан прокуратурасының прокуроры, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар қатысты.
Іс-шара барысында мемлекет пайдасына мүлікті тәркілеу, мемлекеттік алым, айыппұл өндіру бөлігінде сот актілерінің ұзақ мерзім бойы орындалмау мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында төраға А.Замбаев бүгінгі таңда мемлекет пайдасына өндіру бойынша сот актілерінің көбі орындалмай отырғанын айтты. Бұл көрсеткіш сот актілерінің орындалу барысының төмендігін байқатады, яғни елеулі қаржы ұзақ уақыт бойына мемлекеттік бюджетке түспей, халық алдындағы сот имиджіне теріс көзқарас туғызады.
Сот актілері орындалмаған істер үнемі бақылауда болатынын жеткізіп, тиісті аумақтық сот орындаушылар бөліміне, жеке сот орындаушыларына еске салу хаттары жолданғанның өзінде, сот актілерінің көбі орындалмайтынын ескертті.
Шара соңында қатысушылардың пікірлері тыңдалып, сот актілерінің тез әрі сапалы орындалуы үшін жұмыс істейтін іс-шаралар әзірлеу ұсынылды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: