Құқықтық тәртіп

120 Views

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2024 жылдың 7 наурызындағы шығыс №1-5-5-4-62/1226-И реттік санымен жолдаған нұсқауына сәйкес, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында, 2024 жылдың 15-17 наурыз аралығында аудан аумағында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау, жасалған қылмыстарды ашу, сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларын өрескел бұзған тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық толтырылатыны туралы ескертілді.
Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалуы мүмкін орын­дарда, сондай-ақ, азаматтардың жап­пай шоғырлану орындарында, оларға патрульдік кешенді күштерінің пат­рульдік жасақшаларының бағыттарын жақындата отырып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бақылау күшейтілді. Ішкі істер органдары есептерінде тұра­тын тұлғаларды тексеру жүзеге асы­рылды (бұрын сотталғандар, маскүнемдер, нашақорлар, психи­калық науқастарды, әкімшілік қада­ғалау белгіленген, «педофил» және «психикалық мекемелерде есеп­те тұратын педофилдер»). Тыйым салынған заттарды (есірткі құрал­дарын, атыс қаруын, жарылғыш заттарды және т.б.) заңсыз сақтау немесе тасымалдайтын адамдарды анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Қылмыстарды «ізін суытпай», бұрын жасалған қылмыстарды ашу және оларды анықтауға бағытталған басқа да шараларды қабылдау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіледі.
Саяжай алқаптарын, демалыс ай­мақтарын, құрылыс объектілерін, базар­­ларды, техникалық қызмет көр­сету станцияларын, шаруа және фер­мер қожалықтарын, шалғайдағы учас­келерді, қыстауларды және басқа да шалғай жерлерді, оның ішінде аза­маттарды еңбекке пайдалану, қару-жарақ заттарын заңсыз сақтау фак­тілерін анықтау мақсатында да жұ­мыс­тар жүргізілді.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: