Кәсіпкерлікке кең өріс

125 Views

Өңірлерде, әсіресе, ауылдық жер­лерде жаңа жұмыс орындардың ашы­луы – үлкен жаңалық. Бұл халық тұр­мысына қажетті нәрселерді өндіріп, ел экономикасын арттыруға үлес қоса­мын деген мақсатты ұстану. Осындай мақсатта өткен аптада ауданымызда «Аяла» деп аталатын жартылай дайын өнім шығаратын цехтың ашы­лу салтанаты өтті.

Шараға Құлан ауылдық округінің әкімі Еркін Сейтжапаров пен аудандық мәслихат депутаты Талғат Татты­хожаев қатысып, жаңадан ашылған «Аяла» цехының лентасын салтанатты түрде қиды. Аталмыш цехтың жетекшісі Іскер әйелдер қауымдастығының мү­шесі Ғалинұр Жомартова. Ол өз сөзінде: «Бұл цех негізі осыдан 5 жыл бұ­рын қолға алынған. Ол кезде төрт қана адам жұмыс жасайтын. Қа­зір Аллаға шүкір, қызметкерлер саны көбейіп, жұмысымыздың өрісі ке­ңейіп жатыр» – деді. Қазіргі таңда цех бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр. Бола­шақта цехтың қуаттылығын арт­тырып, қызметкерлер саны көбейеді деген сенімдеміз. Цехта жартылай дайындалған тұшпара, балғын тәттілер, арнайы ашытылған қамырлар және т.б. даярланады. Аталмыш өндіріс орны ауыл тұрғындарының қажеттілігін өтеп отыратыны анық. Жергілікті тұрғындар жеке кәсіпкердің қызметіне сәт­­тілік тілеп, кәсібінің арнасы ке­ңейіп, халыққа көрсетер қызметінің баян­ды болуына тілек білдіруде. Шара соңында аудандағы «Ақ босаға» мей­рам­ханасында кішігірім ауызашар ұйым­дастырылды.

Гүлнұр АМАНЖОЛ.

Поделиться ссылкой: