Зорлық-Зомбылық дендеп барады

138 Views

Т.Рысқұлов аудандық прокура­тура­сының құқық бұзушылықтың алдын алудағы тапсырмасына сәйкес, отба­сылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында аудан аумағындағы ауылдық округтерде 3 айлық зерттеу акциясын ұйымдастыру, яғни «Зорлық-зомбылықтың түрлері» Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зор­лық-зомбылық профилактикасы ту­ралы» Заңының 4-бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық және экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы әбден мүмкін.
Атап айтқанда, «Күш көрсету зор­лық-зомбылығы» яғни күш қолданып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
«Психологиялық зорлық-зомбылық» – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, әлімжеттік жасап еріксіз көндіру, ар-намысы мен абыройын кемсіту.
«Сексуалдық зорлық-зомбылық» – адамның жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ, кәмелет­ке тол­мағандарға қа­тысты сек­суал­дық сипат­тағы іс-әрекеттер.
«Экономикалық зорлық-зом­былық» – адамның заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, мүлкінен, қара­жатынан қасақана айыру. Осы мақ­сатта әкімдіктердің жанындағы әйел­дер ісі және демографиялық саясат жөніндегі комиссиялармен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси үкі­меттік емес ұйымдармен, дағдарыс орталықтарымен және зорлық-зом­былық құрбандарына арналған қамқор­шылық орталықтарымен, сондай-ақ, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізу.

Аудандық полиция бөлімі.

Поделиться ссылкой: