ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

11 Views

Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов VI
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 2400
метрлік ұшқыр бәйгеден «Зерек» атты сәйгүлігі
топ жарып, Қазақстан қоржынына алтын медаль
салған Луговой ауылының тұрғыны Нұрбек
Парахатты арнайы қабылдады.

Кездесу барысында аудан әкімі жерлесімізді
халықаралық додадағы жарқын жетістігімен
құттықтап, ұлттық ат спортының дамуына қосып
жүрген еңбегіне ризашылығын білдірді. Ізінше
жеңімпазға сый-құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлық
пен ақшалай сертификат табыстады.
Айта кетейік, Нұрбек Қосмалиұлы бұған
дейін де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың қабылдауында болып, «Ерен еңбегі
үшін» медалімен марапатталған болатын.
Жәнібек БАЗЫЛБЕК.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий