Күшіміз – бірлікте!

115 Views

Дәл қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Өкінішке орай, табиғат тосын мінез танытып, қардың күрт еруіне байланысты еліміздің бірнеше аймақтарында су тасқыны болып жатыр. Ғалымдардың пікірінше, бұл – 80 жылдан бергі көлемі жағынан тіркелген ең ірі табиғи апаттардың бірі. Мұндай ахуал Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында орын алып, төтенше жағдай жарияланды.
Қаймағы бұзылмаған қазақ халқы осы күнге дейін небір нәубетті бастан өткерді. Сынған жоқ. Керісінше, сабақ алып, алға қарышты қадам басты. Оңтүстік өңірлер де жақсылық жасаудан қалыс қалмауы тиіс. Қолдан келгенше көмек қолын созып, қиындыққа тап болған ағайынға жәрдемдесуі керек. Әсіресе, төтенше жағдай жарияланған аймақтарға қажетті құрал-саймандарды, азық-түлік пен киім-кешек, көрпе-төсектерді тезірек жіберген абзал. Ал, қиындықты еңсеріп болғаннан кейін, құрылыс жұмыстары аяқталғанша пана­лайтын, ауылдан алыстай алмай­тын ағайын үшін киіз үйлерді жөнелтсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Қожайхан Бижанов,
аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.

Поделиться ссылкой: