Қиын күндер де артта қалады

110 Views

Өткеннен сабақ алу маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған үндеуінде көп нәрсе айтты. Мемлекет басшысы мұндай су тасқыны соңғы 80 жылда болмағанын айта келе, табиғаттың тосын мінезі зор шығынға ұшыратып отырғандығын жеткізді. Елдегі болып жатқан бұл табиғаттың мінезіне қатысты мемлекет тарапынан, Президентіміз тарапынан барлық тиісті шаралар қабылданып жа­тыр. Иә, қиын күндер артта қалады, бастысы өткеннен сабақ алу және оны қайталамау. Мемлекет басшысының су шаруашылығы мамандарын дайындау мәселесіне ерекше тоқталғаны дұрыс болды деп ойлаймын. Еліміздің 10 облысын әбігерге салған су тасқынын мемлекет болып, ел болып, бірлесе жеңуіміз қажет. Мемлекет бас­шысы өз үндеуінде ардап шеккен аймақтардағы бір азаматтың назардан тыс қалмайтынын баса айтты. Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр. Сондықтан барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек.

Ербол Әбутәліпов,
аудандық мәслихат төрағасы.

Поделиться ссылкой: