Қазаққа — қазақ болысуы керек

121 Views

Күні кеше атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін Мемлекет басшысы шұғыл түрде өз Үндеуін жариялады. Шыны керек, бұл үндеу көптің көкейінде жүрген сауалдарға нақты жауап қайтарды. Нақты айтатын болсақ, барлық қажетті шаралар қабылданып, Үкімет тарапынан қарғын судың салдарын жоюға бар күш-жігер жұмсалатын болды. Ақпарат көздерінен байқағанымыздай, дәл қазір Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылып, Үкімет пен штаб мүшелері апат орын алған аймақтарды аралап жүр.
«Барлық құтқару жұмыстарын тікелей бақылауға аламын» деген Мемлекет басшысы су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылатынын сөз етті. Сондай-ақ, құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысатынын айтты.
«Жағдай қаншалықты қиын болса да, оны міндетті түрде еңсереміз» деп көптің көкейіне жылулық сыйлаған Президент бірде-бір адам ес­керусіз қалмайтынын, барлық зардап шеккен жанға қаржылық және басқа да көмек беріліп, материалдық шығындар толық өтелетінін жеткізді. Расымен де, дәл қазіргі таңдағы ең негізгі фактор – отандастарымыздың амандығы.

Поделиться ссылкой: