Акцияға қолдау білдіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді

141 Views

«Таза Қазақстан» акциясына аудандағы ауылдық округтермен қатар түрлі деңгейдегі мекемелер де атсалысып, өз үлестерін қосуда. Кеше Луговой ауылындағы «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорнының қызметкерлері де аталмыш акцияға қолдау білдіріп, кәсіпорынға тиесілі территорияның аумағына абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Бахтияр Тулеков жетекшілік ететін «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорнында 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорында қызмет жасайтын барлық еңбек адамдары Мемлекет басшысының Атырау жерінде өткен Ұлттық құрылтайдағы келелі сөздерін жұқамыр жүрекке түйіп, еліміздің экономикалық һәм рухани тұрғыдан дамуына өзіндік үлестерін қосуға әрқашан дайын екендіктерін жеткізді.
Айта кетейік, бұл республикалық акция сәуір айының 11-і мен мамыр айының 11-і аралығында өтетін болады. Сондықтан бұл акция мұнымен шектеліп қалмайды. Газеттің алдағы нөмірлерінде біз ол жөнінде ақпарат беріп отыратын боламыз.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: