Сот кабинеті

182 Views

Сот кабинеті – халық үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашық­ты­ғына толықтай қол жеткізуі үшін жасалған, сот органдарының элек­трондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе. Сот кабинеті арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды осы тәртіп арқылы қадағалап отыруға болады.
Сот кабинеті арқылы электрондық құжаттарды сотқа жолдау үшін аза­маттар мен заңды тұлғалар, біріншіден, жоғарыда аталған Сот кабинеті ақ­па­раттық сервисіне тіркелуі тиіс. Сот кабинеті ақпараттық сервисіне тіркелген тұлға оның пайдаланушысы болып табылады. Қолданушылар сервис көмегімен электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеумен қатар, сотқа электронды түрде жолдаған құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды қадағалай алады.
Электронды құжаттарды беру сер­висін пайдаланушылар сотқа «Қосымша құжаттарды жіберу» бөлімін пайдалану арқылы құжаттарды қосымша жібере алады. «Кассациялық шағым» сервисін жүзеге асыруда шағым беруші «Сот актілерін» қайта қарау» бөлімі арқылы өз таңдауын жүзеге асырады. Жіберу туралы талон беріледі. Содан соң «Іс бойынша құжаттар» бөлімін пайдаланып өздерінің пікір, талап, арыз, ескертулерін жібере алады. Құжат беруші әрі қарай электрондық арыз толтырады. «Өтініштер» бөлі­мін таңдауды жүзеге асырады. Ол үшін электрондық өтініш нысанын толтырады. Толтырып болған соң дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады. Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Содан соң жіберу туралы талон қалыптастырылады. Жіберілген құжаттар «Берілген құ­жаттар» қосымша бетінде көрсетіледі. Электрондық құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы істі қарау барысының динамикасымен танысуына болады.
Пайдаланушылардың сервис мүм­кіндіктерін білуіне және үйренуіне еш кедергі жоқ. Хабарлау сервисі, пайдаланушыға сот органдарына берген сот құжаттарының мәртебесін бақылап отыруға мүмкіндік бере отырып, сот процесі қатысушыларының күнтізбесі сервис, күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ, сізге процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге мүм­кіндік береді.

Х.Сегізбаев,
аудандық сот әкімшісінің бас маманы.

Поделиться ссылкой: