Хабарландыру
Т.Рысқұлов аудандық «Құлан таңы» газетінің 5 наурыз №19 (8030) санында «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілері мен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және тасымалдауға конкурс жариялады. Конкурстың нәтижесінде «ЖК Тазалық» жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаз деп танылған «ЖК Тазалық» пен Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен арнайы келісімшарт жасалды. Алдағы уақытта Құлан, Қарақат, Жақсылық, Көкдөнен, Көгершін, Абай, Қарақыстақ ауылдарындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жеңімпаз деп танылған мердігер шығаратын болады. Тиісті ақпарат 14 жұмыс күнінің ішінде жеке тұлғалар үшін жариялану керек болғандықтан, хабарлама аудандық газет бетінде жарияланып отыр.
А.Искаков,
«ЖК Тазалық» мекемесінің басшысы.