Банкроттық жүйе жалғасуда

127 Views

Қазақстан Республикасы Пре­­зи­­дентінің 2022 жылдың 30 жел­тоқсанында «Қазақстан Респуб­ликасы азаматтарының төлем қабі­леттілігін қалпына келтіру және бан­кроттығы туралы» Заңына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылдың 3 наурызынан бас­тап «Азаматтардың төлем қабі­лет­ті­лігін қалпына келтіру және бан­крот­­тығы туралы» ҚР Заңының нор­ма­лары іске асырылуда. Халықты ақпараттандырумен қатар, интернет-кеңістікте барлық қарастырылған рәсім­дердің өтуіне бағытталған түсіндірме материалдар таратылды. Өтініштердің жеке тұлғалардың банкроттығы «Qoldau» ақпараттық жүйесіне ке­ліп түскеннен кейін «Қазақстан Рес­пуб­­ликасы азаматтарының төлем қабі­леттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңының 5 бабына сәйкес, автоматтандырылған түрде тексеру жүреді.
Басқа мемлекеттік кірістер орган­дарында тіркелген жеке тұлғалардың өтініштерін қабылдау кезінде өтініштер қайта жіберуге немесе кері қайтарылмайды.
Алдын ала бас тарту бойынша өтінішті қабылдағаннан кейін 12-ші жұмыс күні жүйе автоматтандырылған түрде алдын ала бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады. 1414 қызметі арқылы өтініш берушінің телефон нөміріне құжатты жүктеп алу сілтемесін жібереді. Онда өтінішті қабылдау уақыты мен орны көрсетіледі.
15-ші жұмыс күні өтінішті қабыл­дағаннан кейін жүйе автоматты түрде бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады. 1414 қызметі арқылы құжатты жүктеу сілтемесін өтініш берушінің телефон нөміріне жібереді.
Берешекті реттеу туралы құжаттар сәйкес келген жағдайда құжаттар Заңның 16-бабы 2-тарма­ғының талаптарына сәйкес келген жағдайда, өтініш келіп түскен күннен бастап 14-ші жұмыс күні жүйе автоматтандырылған түрде соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы хабарламаны қалыптастырады. Оны 1414 қызметі арқылы өтініш берушінің телефон нөміріне жібереді.
Жүйе 15-ші жұмыс күні «Электрондық үкімет» веб-порталының «Соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған азаматтардың тізімі» бастырмасында өтініш беруші туралы ақпаратты орналастырады.

Т.Рысқұлов ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.

Поделиться ссылкой: