Ұлттық мұраны жаңғыртудағы ЖИ мүмкіндіктері
38 ViewsБүгінгі цифрлық дәуірде ұлттық құндылықтарды ұлықтаумен ғана шектелуге болмайды. Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің…
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылдың 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары бойынша ашық, қолжетімді, сапалы және электронды түрде қызмет көрсетеді. Оның ішінде, жер учаскесін алу үшін кезек қою, жер учаскесін қайта рәсімдеуге шешім беру және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаттары көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе өзге жағдаяттар бойынша қандайда бір кемшіліксіз теңдей қол жеткізуі.
Электронды қызметтерді алу үшін жеке және заңды тұлғалар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (ХҚКО) электрондық кілт аштырып, USB-флешкаға салдырып, ауыл тұрғындары электрондық үкіметтің «egov» порталын пайдаланады. Ауыл әкімшілігінде өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы және ауылдық кітапханада арнайы цифрландырылған ақпараттық орталық арқылы тұрғындар қажетті қызмет түрлерін алуларына болады.
Жаңатұрмыс ауылдық әкімшілігі.