Қордаланған мәселе Құланда да бар

155 Views

Өткен сәрсенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының №826 Жарлығына сәйкес өткен кездесу Құлан ауылшаруашылық агротехникалық жоғары колледжінің базасында өтті. Кездесуге аудан прокуроры Болат Тоғанбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, сондай-ақ, аудан әкімдігінің бөлім басшылары қатысты. Кездесуде аудан әкімі Ернар Серікәліұлы аудан аумағында атқарылып жатқан баянды бастамалар мен бүгінге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Құлан ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жаз мезгілінде аудан орталығы болып, есептелетін Құланда ауыз судан мәселе туындайтыны рас. Былтырдан бері Құлан ауылындағы «Арай» тұрғын үй алқабы жақтан жаңа су іркуіш имараты салынуда. Биыл бұл жоба аяқталуы тиіс. Осы су іркуіш имараты іске қосылған күнде жылдағыдай ауыл тұрғындары ауыз судың жетіспеушілігін сезінбейтін болады.
Сондай-ақ, кездесу барысында аудан әкімі ауыл тұрғындарын толғандырған қаңғыбас иттер, балаларға арналған ойын алаңдарын салу және көшелерді жарықтандыру, тұрғын-үйдің кезегі, жер телімдеріне қатысты талап-тілектері мен сын-пікірлерін тыңдап, тиісті бөлім басшыларына тапсырма беріп, оның қадағалануын хаттамаға енгізуді жүктеді.
Кездесу соңында аудан әкімі Ернар Серікәліұлы жеке қабылдау өткізіп, 11 тұрғынның жеке кәсіпкерлікке нысан беру, мүгедектігі бар балаларға көмек көрсету және кәсіпкерлікке арналған жер телімі мен суармалы егістік алқаптарын егін сумен қамтамасыз ету сынды өтініш-тілектерін тыңдап, сұрақ иелеріне заң аясында нақты мысалдармен жауап қайтарды.

Гүлнұр АМАНЖОЛ.

Поделиться ссылкой: