Әдіскерлер де акцияға қолдау көрсетті

200 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық білім бөлімінің әдіскерлері де «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бір кісідей атсалысып, қоршаған ортаны көріктендіру мақсатында ағаштар отырғызу үстінде. Кеше аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлмираш Қырықбаева бастап, Гаухар Ноғайбаева қостаған бір топ әдіскерлер Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектепте ұйымдастырылған «Бір отбасы – бір ағаш»» акциясына арнайы келіп, ағаштар отырғызды. Қолда бар мәліметке сүйенсек, бұған дейін де аудандық білім бөлімінің өзге де әдіскерлері шырша ағаштарын отырғызып үлгерген екен. Яғни 14 әдіскер 15 түп жеміс және 8 түп қылқан жапырақты «Туя» атты шырша ағаштарын отырғызыпты. Әдіскерлер оны өздерінің жұмысына жарнама емес, алдымен азаматтық позиция, сосын бірліктің, елдіктің ісімен ұштасқан өнегелі іс деп есептейді.

Марат Аятберген.

Поделиться ссылкой: