Бір отбасы — бір ағаш

165 Views

Дайрабаева Шолпан Еркетайқызы басшылық жасайтын Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің ұжымы республикалық деңгейдегі көптеген бастамаларға қолдау білдіріп, оны өздері де өзгеше форматта жүзеге асырып жатады. Оны сан мәрте көргенбіз де. Бұл жолы да аудан орталығындағы бірегей білім ошағының ұжымы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясынан қалыс қалмай, өздері креативті идея бастап, «Бір отбасы – бір ағаш» акциясын ұйымдастырды.
Бұл акцияның креативтілігі не десеңіз, мектепте оқитын оқушылар ата-аналарымен бірге тал егеді. Оңды іс қой. Мектеп басшысының бұл идесын ата-аналар да қолдаған екен. Сөйтіп кеше Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің директоры Шолпан Еркетайқызы, мектеп директорының ғылыми-әдістемелік, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар мектеп ауласына қылқан жапырақты шырша ағашы мен жеміс ағаштарын отырғызды. Біз оны да өз көзімізбен көрдік. Бізге айтқан мәліметтеріне сенсек, барлығы 40-қа жуық ағаш отырғызылыпты. Акцияға қатысқандардың барлығы бұл істі «көзбояушылық» емес, керісінше, қоршаған ортаға деген нән құрметтің белгісі екенін айтты.

Марат Жолдасбекұлы.

Поделиться ссылкой: