Пятница начинается с такого видео
162 ViewsПятница начинается с такого видео. Это наша Рухия Байдукенова и певец Чжан Хэ Сунань поют гимн музыкального проекта Silk Way Star на V форуме…
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен аудан әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында кезекті аппараттық кеңес өтті.Аталған кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Абақұлы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ, әртүрлі деңгейдегі мекеменің басшылары қатысты.
Кеңесте екі мәселе назарға алынды. 2024 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму мен жылыту маусымының қорытындылары туралы баяндамалар оқылды.
Аталған мәселелерге қатысты тиісті бөлімдердің баяндамаларын тыңдаған аудан басшысы Ернар Серікәліұлы бұл бағыттарда атқарылуы тиіс бірқатар шараларға қатысты хаттамалық тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, кеңес соңында инвестиция тарту, тұрақты жұмыспен қамту мәселелері аясында талқылаулар жүргізіліп, бұл бағыттарда да жүзеге асырылуы тиіс жұмыстар сараланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.