Жеңіс туы желбіресін!
83 ViewsЖуырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Жеңіс туы желбіресін!» байқауының гала-концерті өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық…
Ел тыныштығы мен тұрақтылығын әуеде, құрылықта, теңізде қорғап жүрген бүгінгі күннің батырлары – әскери қызметкерлерге қандай мадақ, нендей құрмет көрсетсек те жарасады. Өйткені, олар құрметке лайық жандар.
Кеше аудан әкімі Ернар Есіркепов Луговой ауылындағы Луговой гарнизонына арнайы барып, ел тыныштығын күзетіп жүрген әскери қызметкерлерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы өзінің құттықтау сөзінде:
– Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігін көздің қарашығындай сақтап, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етіп, ерлік пен биік рухтың эталоны болып табылатын азаматтарымыз – Отан қорғаушы әскери қызметкерлер екендігі анық. Біз оны әрқашан қаперде ұстаймыз. Бүгінде сіздердің қажырлы еңбектеріңізді ескеріп, осында келіп отырған жағдайымыз бар. Баршаңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отыра дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға амандық тілеймін. Бейбіт еліміздің берекесі артып, Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын. Мемлекеттің тыныштығын күзетіп жүрген әскери қызметкерлеріміз жасай берсін, – деді.
Іс-шара соңында аудан әкімі Ернар Есіркепов ұлттық әскеріміздің айбынын арттыруда айшықталған гарнизон басшылығы мен әскери қызметшілерге Алғыс хаттар табыс етіп, әскери көрмені тамашалады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.