Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

113 Views

Өрт талдауы бойынша өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторларында және автокөліктерде орын алуда.
Өрттердің шығуының негізгі себеп­тері: тұрғындардың от қолдану­дағы абайсыздықтары, электр құрал­дары мен қондырғыларының ақаулығы, қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы, пеш мұржасы мен пештің ақаулығы, балалардың отпен ойнауынан және автомобильдердің электр тізбек­теріндегі қысқа тұйық­талулар салда­рынан болатыны белгілі.
Сондықтан да оттың не екендігі, оның пайдасымен қатар, қандай қауіп­ті екендігін балаға ерте жастан тү­сіндірген жөн. Сонымен қатар, күнделікті өмірдегі қолданылып жүрген тұрмыстық техникаларды пайдалану кезінде мұқият болыңыздар. Келесі жайттарды естен шығармағандарыңыз жөн.
• Электр жабдықтары мен электр құралдарын қолданған кезде электр есептегіштерде тек қана зауытта жасалған сақтандырғыштар болу керек. Бөлмелерді жылыту үшін қолдан жасалған электр жылытқыштарды қолдануға болмайды. Электр жүйесіне бірнеше жоғары қуатты электр құралдарын қосуға болмайды. Бұл оның шамадан тыс артуына әкеліп, өрттің себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар, ескі уақытша электр сымдарын пайдалану қысқа мерзімді тұйықталуға әкеліп соғады.
Тыйым салынады:
– газ, электр құралдарын және жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға;
– кішкентай балаларды үйге қамап кетуге, оларға сіріңкемен ойнауға рұқсат беруге;
– темекі шеккенде абай болыңыздар, өшірілмеген темекі тұқылын еденде немесе жатын орында қалдырмаңыздар.

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі:
– автокөліктердің механизмдері мен тораптардың дұрыс істеуін қадағалаңыз;
– аккумуляторларды тура көлік құралдарына, сондай-ақ, осы мақсатқа икемделген үй-жайларда қуаттауға тыйым салынады;
– гараж бөлмесін жылытуға, жарық­тандыруға және көлік қозғалтқыштарын қыздыруға ашық от көздерін (от, жалын, қыздыру лампалары) сонымен қатар қолдан жасалған электр жылыт­қыштарын пайдаланбаңыздар;
– гараж бөлмесінде жанатын мате­риал­дардан жасалынған үй жиһаздары мен бұйымдарын және жанатын сұйық­тықтар мен тез тұтанатын сұйық­тық­тарды сақтамаңыздар;
– гараж бөлмесінде темекі шек­пеңіздер.
Автокөліктерде болған өрттерді тал­дау нәтижесінде өрттердің шығуының басты себебі, автомобильдердің электр тізбектеріндегі қысқа тұйықталулар салдарынан болғандығы анықталады. Егерде автокөліктердің тетіктерінің ақаулары байқалған жағдайда оны тез арада жөндеу керек. «101» немесе «112» телефон нөмірлері арқылы өртке қарсы қызметін шақырыңыз.

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен № 10 өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: