Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті
25 ViewsӨткен жұмада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, аудандық мәслихат төрағасы Ербол Әбутәліпов, аудандық…
Өмірбаяны
Сейтжапаров Еркін Серікханұлы 1982 жылдың 2 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Луговой ауылында дүниеге келген. 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы – тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Еңбек жолын 2003 жылы Құлан ауылындағы Құлан орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2005-2006 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2006-2010 жылдары Т.Рысқұлов ауданы білім бөлімінің жетекші маманы ретінде қызмет атқарған. 2010-2012 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің бас маманы, 2012-2017 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің сектор меңгерушісі болды. 2017 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2017-2018 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің сектор меңгерушісі, 2018 жылы Құлан ауылдық округінің әкімі, 2018-2019 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы болып қызмет істеген. 2020 жылдың 3 шілдесінен бастап Құлан ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді. Сондай-ақ, 2005 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі.
2024-2028 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы
Мен, Сейтжапаров Еркін Серікханұлы Құлан ауылдық округі әкімінің лауазымына сайланған жағдайда өзімнің білімім мен тәжірибемді пайдалана отырып, ауылымыздың көркейіп-гүлденуіне аянбай еңбек етемін.
Сайлауалды бағдарламамның басты мақсаты – ауылдық округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайын арттырып, спортпен шұғылдануына жағдай жасау, өскелең ұрпақтың білім алуына қолайлы орта орнату.
– Жұмыссыздықты азайту мақсатында мал шаруашылығын дамытып, үкімет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиелерді алуына ықпал етуге;
– Құлан, Шөңгер, Қарақат ауылдарындағы ішкі жолдарын асфальттау мәселелерін шешіп, ауылдардың көшелерін жарықтандыруға;
– Ауылды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын қолға алып, Ауған соғысы ардагерлері аллеясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
– Шөңгер ауылы тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге;
– Өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау бойынша Құлан ауылынан 300 орындық мектеп салуға;
– Ауылдың кадрлық әлеуетін арттырып, ауылға жұмыс істеуге келген жастарға көмек көрсетіп, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға жас мамандарды тарту жұмыстарын іске асыруға;
– Құлан ауылынан денешынықтыру сауықтыру кешенін салуға;
– Орталық стадионды қайта жаңғыртуға;
–Өскелең ұрпақтың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау үшін оқушылар сарайын салуға;
– Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға бар күш-жігерімді саламын!
Құрметті Құлан ауылдық
округінің сайлаушылары! Таңдау өз еркіңізде!