ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
85 Views ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу – жел диірменмен алысу», –…
Өмірбаяны
Дәлібаев Серікбай Берікқожаұлы 1963 жылдың 2 шілдесінде Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1992 жылы Алматы ветеринарлық институтын «ветеринар» мамандығы бойынша бітірген. Өз еңбек жолын 1982 жылы Қорағаты совхозының қызметкері, жүргізушісі болып бастаған. Одан кейін 1988-1989 жылдары Қорағаты ауылында комсомол комитетінің хатшысы, 1989-1992 жылдары Қорағаты совхозы директорының орынбасары болып қызмет атқарған. 1992-1996 жылдары №3 Қорағаты совхозының басшысы, веттехнигі болып, 1996-2002 жылдары – «Әділжан» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс атқарады. 2002-2008 жылдары «Бақдәулет» колледжі директорының орынбасары, 2008-2010 жылдары «Көкқия – 2010» ЖШС директоры болып қызмет істеген. 2010 жылдан бері Т.Рысқұлов ауданы ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізуші құқығындағы КММ басшысы қызметін атқарып келеді. 2008 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі.
2024-2028 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы
Мен, Дәлібаев Серікбай Берікқожаұлы Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің лауазымына сайланған жағдайда, барлық жұмыстарды өзіміздің Ата Заңымызбен, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер негізінде ұйымдастыратын боламын. Ауылдық аймақтарды дамытуға арналған бағдарламалар мен атқарылатын жұмыстардың Қарақыстақ ауылдық округінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін ауыл тұрғындарымен бірігіп, сонымен қатар өзімнің білімім мен тәжірибемді пайдалана отырып, ауылымыздың көркейіп-гүлденуіне аянбай еңбек етемін.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
– Ауылдық округ тұрғындарының әлеуметтік жағдайын арттырып, спортпен шұғылдануына жағдай жасап, өскелең ұрпақтың білім мен тәрбие алуына қолайлы орта орнату;
– Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту;
– Ауыл жастарына қолдау көрсету, жаңа идеялар мен кәсіп ашуға бастамаларды жүзеге асыру;
– Қарақыстақ ауылдық округінің жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй коммуналдық саласын жаңғыртуға;
– Ауылдық округтегі орта мектептегі тиімді білім және тәрбие беру үрдісі қалыптасып, ауыл халқына сапалы медициналық қызмет көрсетілуіне;
– Ауылды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын қолға алу, ауылдағы қатты тұрмыстық қоқыстан тазартуға бағытталған қоқыс қалдықтарын сұрыптау кешенін салуға ықпал ету;
– Ауыл жастарын рухани-патриоттық тәрбиелеуге, рухани әлеуеті жоғары қоғамды дамытуға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
– Каменка, Тасшолақ, Қазақ, Жалпақсаз ауылдарындағы ішкі жолдарын асфальттау мәселелерін, ауылдардың көшелерін жарықтандыру;
– Каменка ауылына дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу;
–Тасшолақ ауылындағы 150 орындық мектеп мәселесін, Каменка ауылындағы күрделі жөндеуді қажет ететін дәрігерлік амбулаторияның мәселесін шешуге әрекет жасаймын.
Құрметті Қарақыстақ ауылдық округінің сайлаушылары!
Таңдау өз еркіңізде!