Бала тууы және оның күтімі бойынша жәрдемақыны қалай алуға болады?

61 Views

Бала туылған кезде қандай тө­лем­дер беріледі? Қазақстан Респуб­ли­касындағы барлық әйелдер мемлекеттен бала туғанда жәрдемақы және бала 1,5 жасқа дейін оның күтіміне байла­нысты әлеуметтік жәрдемақы алады. Босан­ғанға дейін жұмыс істеген әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты әлеуметтік төлемдерге қосымша құқығы бар. Жаңа туған нәрестені асырап алған немесе қамқорлыққа алған ата-аналарға да сондай жәрдемақы беріледі.
Қазақстан Республикасында босан­ғанға дейін жұмыс істеген де, жұмыс істемеген де барлық әйелдердің бала тууына байланысты жәрдемақы алу­ға құқығы бар екенін атап өтейік. Қазақстан Республикасының Әлеу­меттік кодексінің 80 бабымен жәрдем­ақылардың мөлшері айқындалады. 2024 жылға арналған АЕК 3 692 теңге болып белгіленді.
2024 жылы бала туғанда берілетін жәр­демақы қанша? Есептеу осыны көрсетеді: алғашқы 3 балаға – 140 296 теңге (38 АЕК), 4-ші балаға және одан кейінгі балаларға – 232 596 теңге (63 АЕК). Әлеуметтік кодексте (79-баптың 2-тармағы) бірден екі, үш және одан да көп бала туылған кездегі жағдай қарастырылған. Содан кейін әрбір жаңа туған нәресте үшін жәрдемақы есептеледі. Оның әрбір адамға арналған мөлшері баланың отба­­сында қалай дүниеге келгеніне бай­­ланысты. Жүктілікке, босануға және күтуге байланысты әлеуметтік тө­лем­дер: бала туғанға дейін жұмыс іс­­теген, міндетті әлеуметтік сақтан­­дыру жүйесіне қатысушы болған әйелдер жүктілігіне және босануына байланысты қосымша төлемдерге құқық алды. 1,5 жасқа дейінгі баланы күту үшін оларға республикалық бюджеттен жәрдемақы емес, әлеуметтік төлемдер беріледі. Төлемдердің мөлшері әлеуметтік кодекспен белгіленеді (78-бап). Ол босанатын әйелдің соңғы 12 айдағы орташа табысына және жүктілік пен босануға байланысты мүгедектік күндерінің санына байланысты.
Бұл жәрдемақыға құжаттарды ха­лық­қа қызмет көрсету орталығына немесе онлайн режимде тап­сыруға болады. Сонымен қатар, про­активті қызмет бар: босанатын әйел баланың туу туралы куәлігін алу және оған ЖСН беру үшін SMS хабарлама арқылы өтініш бере алады. Сондай-ақ, бала туыл­ғаны үшін біржолғы жәрдемақы алуға; мектепке дейінгі мекемеге қабылдау үшін кезекке тұруды да онлайн режимде жасай алады. Әрбір қызмет алдың­ғысы дайын болғандықтан дәйекті түрде орындалады. Ол үшін ЖСН мен ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.
Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, 2023 жылы Жамбыл облы­сында 24 мың сәби тіркеліп, 4 миллиард тең­геден астам сомаға бала туғанда жәрдемақы тағайындалған.

Азаматтарға арналған Үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалы Т.Рысқұлов аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша бөлімі.

Поделиться ссылкой: