Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Еліміздің ұйытқысы – жалындаған жастар. Олар мемлекеттің қозғаушы күші ғана емес, өзегі. Бұл жайында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өзі: «Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе, ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы» – деп жастардың ұлт үшін маңызды рөл атқаратынын жоғары бағалап жазып кеткен.
Осындай үміт артатын жастарымыздың бірі – Абидин Қанат Шолпанұлы. Ол 1994 жылы дүниеге келген. Физика мамандығы бойынша білім алып, 2022 жылы 27 жасында доктор атанған жас ғалым. Өз білімі мен талабының арқасында осындай дәрежеге жете білген Қанат бауырымыз бүгінде ата-анасының қасында. Қазіргі таңда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде физика пәні бойынша білімгерлерге дәріс беруде. «Ел тірегі, үкілі үміті – жастар» дегендей, туған жерінде қалып, бойындағы бар білімін елі үшін аянбай еңбек етуші жастарымыздың барын мақтан тұтамыз.
Бұған дейін де ауылымыздан шыққан жас ғалым, өнер жұлдыздары аз емес. Жылдан-жылға осындай жақсы жаңалықтарымызбен бөлісе беруді нәсіп етсін. Қанат сынды халыққа қызмет ететін жастарымыздың қатары толыға берсін.
Осы сөзімізді кейінгі жас буынның көргені не болады, біздің жұрт осыны ойлау керек деп уайымдаған Міржақып Дулатұлының пікірімен қуаттай түссек артық етпес. Алаш зиялысы: «Жас балалар келешектегі бір буын халық» деген келер ұрпаққа өсиет сөз қалдырған.
Саналы ұрпақ – еліміздің болашағы, ертеңі. Тәуелсіз еліміз болашаққа қарыштап қанат жайғанда, халқымыздың мәдениеті кемелденген кезеңде тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақтатып, мемлекетімізді даңқты етері сөзсіз. Қазақстанның жарқын болашағы жалындаған жастармен ғана қалыптаспақ!
Н.Сәрсенбаева,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Ақыртөбе ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы.