Басты құндылық – тұрақтылық пен бейбітшілік

118 Views

Экстремизм мен терроризм – адамзат қауіпсіздігіне төнетін басты қауіп. Терроризм мен экстремизм қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі. Бұл жағдай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен бастап аймақтық халықаралық ұйымдарға дейінгі ең жоғары алаңдарда айтылады.
Экстремизм мен терроризмнің танылуы адам өмірінің жойылуына, инфрақұрылымның рухани, мәдени құндылықтардың жойылуына әкеледі. Бұл жағдайда көбінесе жазықсыз, кездейсоқ адамдар құрбан болады. Сонымен қатар, терроризм эконо­микаға, өнеркәсіп – сауда байла­ныс­тарына зиян келтіреді, елдегі жағ­дай­ды тұрақсыздандырады.
Адамдар бейбітшілік пен тыныш­тықта өмір сүргісі келеді. Мемлекеттің дамуы үшін тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік қажет.
1999 жылдың шілдесінде «Терро­ризмге қарсы күрес туралы» Заң қа­был­данды. 2005 жылы 18 ақпанда Қазақстанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды.
Деструктивті және радикалды діни ағымдардың ықпалына түскен азамат­тарға, сондай-ақ, олардың туыстарына көмектесу үшін арнайы кеңес беру және оңалту орталықтары жұмыс істейді. Онда жоғары білікті теологтар мен психологтар жұмыс атқарады. Олар қасиетті жазбалар контекстінен үзілген радикалды сипаттағы шақыруларды түсіндіре отырып, ықпалға түскен азаматтарға көмектеседі.

М.Маратбек,
Т.Рысқұлов ауданаралық мәжбүрлеп орындату
аумақтық бөлімі филиалының сот орындаушысы.

Поделиться ссылкой: