Өз өлкеңді танисың ба?
49 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Аудан және ауыл тұрғындары жаз басталысымен күз айына дейін малдың қыстық жем шөбін дайындау үшін білек сыбана еңбек етеді. Ең өкініштісі, көп күнгі еңбегіңді санаулы минуттарда тілсіз жау – өрт орап бір сәтте күлге айналдыруы әбден мүмкін. Тұрғындардың отпен абайсыз қолдануы және балалардың отпен ойнауы, қыстық азық шөптің жойылуымен қатар, адам өміріне, жиналған шөп жақын тұрған үй-жайлар мен қораға және басқа да құрылыстарға үлкен қауіп әкеледі. Шаруа қожалықтар мен өндірістік кооперативтер басшыларына, жеке азаматтар назарына шөпті жинау және сақтау кезінде немесе шөпті арнайы орынға жеткізу кезінде абай болыңыз дегіміз келеді. Бұл шаралар көп уақыт пен ірі көлемдегі шығынды қажет етпейді.
Өрт қауіпсіздік ережесінің негізгі талаптары мынадай:
– шөпті дайындау және жинау жұмыстарына ауылшаруашылық техникаларын жарамды ұшқын сөндіргішпен және алғашқы өрт сөндіру құралдармен жабдықталған техникамен қамтамасыз ету керек;
– шөпті жинау аймағы жаңғыш қоқыстан тазартылған, өрт қауіпсіздігіне арналған жер аудару кемінде 4 метр болатын жолағы жасалу қажет;
– шөп жинау орындары электр желілерінен 15 метр қашықтықта орналасуы қажет және жолдарға дейінгі қашықтық 20 метрден кем болмауы қажет;
– шөпті көлікпен тасу кезінде жинау биіктігі 4,5 метрден аспауы қажет;
– масақты егiн пiсер алдында олардың орман алқаптарына, дала жолағына, автомобиль және темiр жолдарға iргелес жерлерiнде енi кемiнде 4 метр жолақ шабылып және жыртылуы тиіс;
– дәндi дақылдарды жинауды астық алқаптарының алаңы кемінде 50 гектар учаскелерге бөлуден бастау қажет;
– учаскелердің арасына ені кемінде 8 метр шалғы жолы жасалуы қажет;
– шалғы жолынан шабылған астық дереу жиналуы тиіс;
– шалғы жолының ортасында енi кемiнде 4 метр жер жыртылуы қажет.
Өрт астық жинау және шөп жинау науқаны кезінде тракторларға және жүк машиналарына жанар жағармайды құюда белгіленген ережелерді бұзу кезінде орын алуы мүмкін. Төгіліп қалған май, бензин, керосин және жеңіл тұтанатын жанатын сұйықтар үлкен қауіп төндіреді.
Дала шөбін жинау егін ору кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтап өрттен абай болыңыздар.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.