Құрылыс нысандарының жай-күйі зерделенді
Өткен аптада аудан әкімі Ернар Есіркепов ауданда іске асырылып жатқан бірқатар нысандарды аралады. Аудан басшысы ағымдағы жылы ақыртөбеліктердің игілігіне берілетін 140 орындық мәдениет үйі мен келесі жылға өтпелі Малдыбай ауылындағы 120 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын зерделеді.
Құрылысы қарқынды нысандардың жұмыс барысын бақылап, аудан әкімі Ернар Есіркепов жауапты тұлғаларға нысанның құрылыс ережелері мен нормаларына сай болуын ескертіп, сапасына назар аудару қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар Әбжапар, Жарлысу ауылдарында ауыстырылған көпірлердің және «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында Жарлысу, Қарақат, Көкдөнен ауылдарында отырғызылған талдардың жағдайын зерделеп, бұл бағытта да пысықтауды қажет ететін міндет-межелерді айқындады.
Аудан басшысы Ернар Серікәліұлы Әбжапар ауылындағы форель шаруашылығында болып, кәсіпкермен демалыс орны мен туристік кластерді дамыту аясында перспективаларды талқылап, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.