Т А Ғ А Й Ы Н Д А У

137 Views

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Еңбек Кодексінің» 11, 23, 34-баптарына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы О.Баққараевтың 2024 жылдың 24 мамырдағы №31-ж/қ-т бұйрығы бойынша Луговой ормандарды және жануар­лар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дирек­торы лауазымына Мұздыбаев Жандар Жақсылықұлы тағайындалды.

Мұздыбаев Жандар Жақсылықұлы 1977 жылы 18 сәуірде Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Ақыртөбе орта мектебіне барып, 1994 жылы аяқтады. 1994 жылы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетіне «География және экология» мамандығы бойынша оқуға түскен. Аталған оқу орынды 2000 жылы тәмамдаған. 2010 жылы К.И.Скрябин атындағы Қырғыз аграрлық университетінде «Орман шаруашылығының агроинженері» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1994 жылы Ақыртөбе орман шаруашылығында жұмысшы болып бастаған. 1995-1997 жылы Ақыртөбе орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорнында бухгалтер, кассир болып қызмет атқарған. 1997-2002 жылдары Ақыртөбе ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде орманшы, 2002-2004 жылы Луговой ОЖДҚ мемлекеттік мекемесінде орманшы-қорықшы қызметін атқарды. 2004-2005 жылы Ақыртөбе аумағында 3-ші жедел жәрдем бөлімінің жүргізушісі, 2005 жылы Ақыртөбе ОЖДҚ мемлекеттік мекемесінде орман шебері болып еңбек еткен. 2005-2007 жылы Ақыртөбе ОЖДҚ мемлекеттік мекемесінде аға орманшы, 2007-2009 жылы Мақпал бөлімшесінде орман шебері болып қызмет істеген. 2011 жылдан бастап Ақыртөбе ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келді. Жандар Мұздыбаев өз жұмысына ұқыпты, талапшыл қызметкер. І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері.

Поделиться ссылкой: