Бала – адамның бауыр еті
30 мамыр күні «Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Асанова Чынара Эсеналиевна аудандық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Ертегілер арқылы балалардың тілін дамыту, қызығушылығын арттыру» деген тақырыпта өзінің шығармашылық есебін берді. 18 жылдан бері мектепке дейінгі бала тәрбиелеу ісінде еселі қызмет етіп келе жатқан Чынара Асанованың еңбегі зор екенін айтқымыз келеді. Жалпы, «Балауса» бөбекжай-бақшасында 7 топ бар. 29 педагог бүлдіршіндерге аталмыш бөбекжай- балабақшасында тәрибе беру үстінде. Біздің байқағанымыз, «Балауса» бөбекжай-бақшасының ұжымы кез келген іс-шараны бір-біріне қолдау көрсетіп, жоғары деңгейде ұйымдастыра біледі. Оған осы Чынара Асанованың шығармашылық есебінде тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Іс-шара шымылдығын «Балауса» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Құралай Серікқызы сөз сөйлеп, ашып берді. Одан кейін бүлдіршіндердің ата-аналарымен Н.Торланбаева психологиялық тренинг өткізді. Содан соң «Балауса» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Асанова Чынара Эсеналиевна шығармашылық есеп жоспары бойынша бағдарлы баяндама жасады. Келген қонақтар тарапынан ол өте жоғары деңгейде бағаланды. Одан кейін «Ормандағы бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша сахналық көрініс қойылды. Л Сангышова іскерлік ойын ұйымдастырып, оның тақырыбы «Тілек шоқтары» деп аталды. Бұдан соң «Балауса» бөбекжай-бақшасының «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиеленушілері «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналады. Көрініс ойнаған бүлдіршіндердің де есімін атай кеткеніміз жөн осы арада. Мақта қыз – Айкөркем Дәрібай, мысық – Раяна Қайрат, сиыр – Нұрали Балтабай, ағаш – Бекхан Дәулет, қыздар – Хадиша Нұрманбет, Асылым Құрманбек, Айжан Әлімжан, дүкенші – Медина Берік, тауық – Аяулым Ниязалы, тышқан – Нарұл Сермахан. Сондай-ақ, іс-шараға Ибраһим Асылбеков, Айбар Ерғали, Айым Менлихан, Дарья Тарасенко, Сардар Өсербек, Ислам Бердалы, Медина Сәрсенбек, Айсезім Ахметкерім секілді бүлдіршіндер белсене қатысып, өздерінің алғырлықтарын көрсетті. Шара соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Бакеева сөз сөйлеп, Чынара Асанованың мектепке дейінгі бала тәрбиелеу ісінде тәжірибесі мол педагог-сарапшы екенін тілге тиек етіп, аудандық білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, шығармашылық есептің жоғары деңгейде өткендігін айрықша атап өтті.
Марат Диханбай.