Есімі оның ұрпаққа өнеге

342 Views

Қазақ халқы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтің есімін жақсы біледі. Ол туралы материалдар газет беттерінде сан мәрте жарық көрді. Бізде қазақтың маңдайына біткен ерен ердің өмірбаяны мен елеулі істері туралы ой қозғағанды өзімізге парыз санадық.
Сағадат Нұрма­ған­бетов 1924 жылы 25 мамырда Ақ­мола облысы, Ақкөл ауданы, Ең­бек ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1942 жылы әскер қатарына шақыртылған. 1946 жылы әскери академияны, 1981 жылы Бас штаб акамедиясын бітірген. 1950-1989 жылдары – азаматтық қор­ға­ныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округі әскерлер басты­ғының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары. 1990 жылы ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы, 1991-1992 жылдары КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы, 1996 жылы ҚР Прези­дентінің кеңесшісі болды. Ол КСРО, Ресей, Украина басқа да мемлекеттердің түрлі сипаттағы орден­­дерімен марапатталған.
Тұғырлы тұлғаның жауынгерлік жо­лын жас ұрпаққа насихаттау мақ­са­­тында Қазақстан Республикасы Қор­­ғаныс министрлігі ӘҚК ӘӘК 64207 әскери бөлімінің командирі, под­­­полковник Ж.Байбосыновтың же­­­­­тек­­­шілігімен 27 мамыр күні Ұлы Отан соғысының ардагері, Ке­ңес ода­­­ғы­ның батыры, Халық қаһар­маны, Тәуелсіз Қазақстанның тұң­ғыш Қорғаныс министрі, армия гене­­ралы Сағадат Қожахметұлы Нұр­маған­­бетовтің 100 жылдығына орай тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие саға­­тында ұлт мақтанышы Сағадат Нұрмағанбетовтың өмірбаяны, сіңір­ген еңбегі, оның тәуелсіз Қазақ­стан­ның Қарулы күштерін құруға және дамы­туға қосқан үлесін бағалау және наси­хаттау негізінде жастарға әскери патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.
Сағадат Нұрмағанбетов өскелең ұрпағы­­мызбен ұландарымызға үлгі болар­­лық тарихи тұлға.

А.Тилеубергенова,
64207 әскери бөлімінің штаттан тыс мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі маманы.

Поделиться ссылкой: