Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

126 Views

Аудан аумағында «Жер – 2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Сейсмикалық оқу-жаттығу азамат­тық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылып, аудандағы білім және денсаулық сақтау нысандарында, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарында жүргізілді.
Оқу-жаттығу барысында «Барлы­ғының назарына!» электр сиренасы қосылып, мекеме қызметкерлері сырт­тағы қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың саптық көрсетіліміне 80-ге жуық қызметкер мен 25 техника жұмылдырылды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы сейсмикалық оқу-жаттығудың маңыз­дылығын атап өтіп, тұрғындарға сабыр сақтап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Жәнібек Базылбек.

Поделиться ссылкой: