Ардагер жауынгерлер бас қосты

60 Views

9 маусым – Германиядағы Кеңес әскерлері тобының құрылған күніне орай, Жамбыл облысында салтанатты жиын өтіп, бірқатар ардагерлер мерейтойлық төсбелгілермен, алғыс хаттармен марапатталды. 1945 жылы 9 маусым күні маршал Жуковтың бұйрығымен Германия жеріндегі Кеңес әскерлерінің тобы құрылған-ды. Ұйымның басты мақсаты – ұрпақ бойындағы патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды жастарға үлгі етіп, Отанын жаудан қорғаған бабалар ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау. Аталмыш шараға ауданымыздың 30 ардагері қатысты. ГСВГ, ГВВД ардагерлеріміз арнайы марапат алып, «Ер есімі – ел есінде» деп аталатын ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Ардагерлеріміз жыл сайын бас қосып, айтулы датаны атап өтпекші. Алдағы уақытта көптеген ауқымды жұмыстарды атқаруды жоспарлап отыр.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий