Жаңа фельдшерлік- амбулаториялық пункт ашылды
23 ViewsРахым Сәбденов ауылында жаңа фельдшерлік-амбулаториялық пункттің ашылуы – жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Нысан 15 келушіге арналған. Жобаның жалпы құны 298 миллион теңгені құрайды.…
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұстанған сарабдал саясатының аясында көптеген іргелі істер еңсерілуде. Соның ішінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалар мен жыл сайын халыққа жолданған Елбасы Жолдаулары негізінде біршама жұмыстар атқарылып жатқандығы баршаға белгілі. Осы бір маңыздылығы жоғары аталмыш бастамалар халық арасында қызу талқыланып, еліміздегі әрбір азаматтың қызығушылығын арттыруда. Сондықтан да біз Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің арасында сауалнама жүргізуді жөн көрдік.
3.Тұңғыш Президентіміздің бойындағы қандай қасиетті жоғары бағалайсыз?
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақстандықтарға үлкен серпіліс әкелгені айтпаса да белгілі. Мақаладағы әр түрлі тақырыптағы акциялар мен жобалар менің көңілімнен шықты десе болады. Жалпы алғанда, өзім аудан көлемінде ұйымдастырылып жүрген іс-шараларға көп қатысып тұрамын. Сондағы байқағаным, аталмыш шаралардың көпшілігі осы мақаланың шеңберінде өткізіліп жатады.
«Ұлы даланың жеті қыры» -керемет бастамалардың бірі әрі бірегейі. Ондағы әрбір бөлімдегі көтерілген идеялар өте орынды айтылған. Сонымен қатар, мақалада төл тарихымыздың түп-тамырына жаңа көзқараспен қарауға жол ашылып отыр. Шын мәнісіне келгенде, мен Қазақстан – қызғалдақтың Отаны екенін осы мақаладан оқып білдім. Тұмса табиғатта кездесетін осы бір гүлдің біздің елімізде 35 түрі өседі екен. Одан бөлек мақаланың «Тарихи сананы жаңғырту» деп аталатын екінші бөліміндегі «Архив -2025», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» атты тармақтарындағы межеленген міндеттерді орындау – расында да келешек ұрпақ алдындағы парызымыз.
Тәуелсіздік алғанымыздан бері еліміздің тізгінін ұстап келе жатқан Елбасымыздың бойынан маған ұнайтын қасиеті – қарапайымдылығы. Ұлт Көшбасшысы қай жерге барса да халық арасынан табылуы – жоғарыда айтқан сөздерімнің айқын дәлелі.
Ербол Қайпулдаев, Т.Рысқұлов атындағы мектеп—лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Еліміздің әрбір аймағында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Бұл дегеніміз – Елбасы бастамасының халық арасында үлкен қолдауға ие болғандығының айқын көрінісі дер едім. Сонымен қатар, мақаладағы «Туған жерге туыңды тік» акциясы бойынша қаншама азаматтар кіндік қаны тамған жеріне барып, дамуына, өркендеуіне үлес қосып жүр. Жақында республика көлемінде қазақстандықтар латын тілінде алғаш рет диктант жазды. Бұл да осы мақаланың 2025 жылға дейінгі көздеген міндеттерінің бірі болатын.
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы нақты ғылыми деректерге сүйене отырып әзірленген тарихи құнды құжат. Егер де ондағы айтылған әрбір бастама өз деңгейінде орындалып, мәресіне жетер болса, төл тарихымыз қайта жаңғыратыны сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда, оны керемет бастамалардың бірі деп қабылдауға болады.
Елбасының бойындағы қасиеттердің ішінен еліне деген адалдық пен еңбексүйгіштігін жоғары бағалаймын. Себебі, аздаған уақыт аралығында Елбасы қажырлы еңбегінің арқасында елімізді әлемдік державалар санасатын дәрежеге көтере білді. Одан бөлек Президенттің ұшқыр ойлау қабілетін де айта кеткеніміз жөн болар.
Сауалнаманы жүргізген Жәнібек БАЗЫЛБЕКОB.