СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЗДІК СУДЬЯСЫ

112 Views

24 маусым – Судьялар мен сот қызметкерлерінің күні. Жалпы, ақ пен қараны ажыратып, заң талаптарына сай әділ үкім шығару оңай шаруа емес. Себебі, ол үкімнің артында адам тағдыры тұр. Өзінің берген антына адал болып, осындай ауыр да, жауапты міндетті абыроймен атқаратын Қалқабаев Сержан Шойбекұлының адами болмысына тоқтала кетейік.
Қалқабаев Сержан Шойбекұлы судья қызметін 1992 жылдың мамыр айында Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой аудандық халық сотының судьясы болып еңбек жолын бастаған.
2004 жылдан 2008 жылдың маусым айына дейін Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов аудандық сотын, 2008 жылдан 2010 жылдың наурыз айына дейін Жамбыл облысы, Аса аудандық сотын, 2010 жылдан 2013 жылдың шілде айына дейін Тараз қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотын басқарған. Қазіргі уақытта Т.Рысқұлов аудандық сотының судьясы қызметін абыроймен атқарып келеді.
Ұзақ уақыт бойы қажырлы еңбек етіп, өз қызметін адал атқарып жүр. Кейінгі жастардың барлығына үлгі-өнеге боларлық тәлім-тәжірибе беріп келеді.
Күрделі істерді, әділетті де заңды шешіп, жұртшылықтың құрметіне бөленген. Сержан Шойбекұлы өзінің аз сөйлеп, көп іс тындыратын қасиетімен ерекшеленеді.
Еңбегінің арқасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылы 25 тамыздағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының 2021 жылы 6 қыркүйекттегі Судьялар қоғамдастығының алдындағы ерекше қызметі, сот төрелігін нығайтуға ықпал ететін белсенді қоғамдық және сот қызметі үшін «Судьялар Одағының құрметті мүшесі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.
24 маусым – Судьялар мен сот қызметкерлерінің күні мерекесімен Қалқабаев Сержан Шойбекұлын және барлық заң саласының қызмет­керлерін құттықтаймыз.

Аудандық соттың баспасөз қызметі.

Поделиться ссылкой: