Мерекеге орай полиция қызметкерлері де марапатталды

174 Views

Елімізде ел тыныштығын кірпік қақпай күзетіп жүрген тәртіп сақшыларының мерекесі аталып өтті. Қай кезеңде болмасын бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткен айбынды полиция қызметкерлеріне құрмет көрсету күні болып саналады. Осы атаулы күнге орай, өткен жұмада аудандық полиция бөлімінде арнайы марапаттау шарасы өтті. Аталмыш шараға Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Б.Сатылғанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсығұлов Еділхан Бегалыұлы және бірқатар осы салада қызмет еткен ардагерлер қатысты. Мерекелік шара барысында Тұрар Рысқұлов АПБ-нің бастығы, полиция майоры Б.Сатылғанов ардагерлерді және жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Марапаттау рәсімінде аудан әкімі Ернар Есіркеповтің «Қазақстан полициясы» күніне орай өздерінің атқарып жүрген қызметтік міндеттерін аса жауаптылықпен, ар-ұятымен, уақытпен санаспай адал атқарғандары үшін «Құрмет грамотамен» марапатталғандар тізімінде: АПБ-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Айдын Мамытбеков, криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Рауан Мұсабеков, тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция майоры Нұрсейіт Жұманғалиұлы болды. Сондай-ақ, АПБ-нің әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік тәжірибе тобының аға инспекторы, полиция майоры Нұрбол Алишов, анықтау тобының аға анықтаушысы, полиция капитаны Ернияз Ерланұлы, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция капитаны Санжар Заурбеков, АПБ-нің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Өркен Қанатұлы, ақпараттық және байланыс тобының аға инспекторы, полиция майоры Перизат Таникеева, әкімшілік полиция бөлімшесінің айдауылдау қызметі тобының жүргізуші-полицейі, полиция аға сержанты Нұрбол Берікбаев аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Аудандық полиция бөлімінде қызмет еткен зейнеттегі ардагерлер де ұмыт қалмады. Олардың қатарында: Еділхан Жақсығұлов, Жамбыл Назарбеков, Бекетай Орманбеков, Қалдарбек Қадырұлы, Махатай Құдайбергенұлы, Адил Абишев, Елеусізбай Рахманқұлұлы болды.

«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой: