Өз өлкеңді танисың ба?
50 Views«Өзгені тану үшін алдымен өзіңді тани біл» деген жалпы адамзаттық қағида ең алдымен туған өлкенің тарихына үңілуді талап етеді. Осы орайда, жақында аудан орталығындағы…
Марапатты әр адам әр түрлі алады. Біреу арыз жазып «қорқытып» алады, біреу «жоғарыдағы тамыр-танысын салып» алады, жасыратын несі бар, біреулер «сатып» та алады, ал енді біреулер адал еңбек, маңдай термен алады. Аудандық «Құлан таңы» газетінің оператор-дизайнері Кабираева Перизат Жиенбайқызының да атқарған еңбегі адал. Оның аудандық газетте еңбек етіп келе жатқанына 32 жыл болды. Облыстағы атқарушы билік өкілдері де соны ескерген болуы керек, мінеки, марапат лайықты иесін тауып отыр.
1988 жылдан бастап аудандық газеттің редакциясында жұмыс жасап келе жатқан Перизат Жиенбайқызының расында да еңбегі зор. Әйтпесе, ол бәзбіреулер ұқсап айлығын «бакспен» алмайды. Еңбегін адал істеп, қарабайыр тіршілік кешіп жүрген шығармашылық адамы ғана. Оған жылтыраған дүниенің керегі де жоқ. Өйткені ол оған қызықпайды да. Неде болса, ол осы марапатқа лайықты қызметкер деп ойлаймыз. Әріптесімізді марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.
«Құлантаңдықтар»