Белсенді жастар – жарқын болашақтың кепілі
19 ViewsЖастар – елдің ертеңін айқындайтын, қоғамның дамуына серпін беретін үлкен күш. Қай кезеңде де мемлекеттің болашағы білімді, еңбекқор, отансүйгіш әрі азаматтық ұстанымы қалыптасқан жас…
Сәрсенбі күні Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы “Тараз-Арена” спорт сарайында 28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Шерхан Мұртаза атындағы Жамбыл облыстық спартакиадасы өтті.
Спартакиадаға облыстық телеарналар мен басылым ұжымдары, сондай-ақ, аудандық газеттер мен медиа орталықтардан да командалар қатысты. Аталмыш спартакиадаға “Құлан таңы” газеті мен “Құлан медиа” ақпараттық орталығының қызметкерлері бірлесіп, командалық құраммен барды.
Ауданымыздың БАҚ саласында еңбек ететін қызметкерлер спартакиадада жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Бұл спартакиададағы көріністерді газетіміздің фототілшісі Ербол Уәзиев фотоаппаратқа түсіріпті. БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай дайындалған газетіміздің арнайы бетінде спартакиададағы көріністерді оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.
Суреттерді түсірген Ербол Уәзиев.