6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0 ViewsАУДАН ӘКІМДІГІНІҢ ҮЛКЕН МӘЖІЛІС ЗАЛЫНДА АУДАН ӘКІМІ ЕРНАР ЕСІРКЕПОВТІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС ӨТТІ. Күн тәртібінде 2026 жылғы қаңтар – маусым айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму…
Осыдан бір ай бұрын Жетісу облысының денешынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен бокстан 2008-2009 ж.т. жасөспірім (қыздар) 2010-2011 ж.т. кіші жасөспірім (қыздар) арасында Дәутен Белтайұлы Смағұловты еске алуға арналған Республикалық турнир өтті. Турнирге Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан жас спортшылар келіп қатысты. Аталмыш турнир Талдықорған қаласында өткізілді.
Аталған турнирде аудан мақтанышы Нұрхан Арайлым бой көрсетіп, жүлделі ІІІ орынды иеленген. Кейіпкеріміз жоғарыдағы «Жерлесіміз жеңімпаз атанды» деген тақырыпта жазылған кейіпкеріміздің туған қызы. Арайлымды жеңісімен құттықтаймыз. Алар асуың биік болсын дегіміз келеді.
Гүлнұр ЕРКАЗЫҚЫЗЫ.