Терезеден абай болыңыз!

111 Views

Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен қаза болуының негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе қалаларда. Жаратылысынан бәрін білуге құштарлығына байланысты балалар ашық терезеге өте осал.
Бала­лардың терезеден құлап кетуіне байланысты апаттың алдын алу үшін, келесі ережелерді сақтау керек:
– пәтердегі терезелерді ашу және үй-жайды желдетер кезде баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз;
– мүмкіндігінше терезелерді (желдеткіштерді) төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз;
– бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокираторлар (арнайы бекіткіштер) орнатыңыз;
– баланың балконға ересектердің қарауынсыз шығуына жол бермеңіз;
– ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезенің тақтайшасына шығып кетуі мүмкін;
– төсекті қоса алғанда, барлық жиһаздарды терезе алдынан жылжы­ты­ңыз. Бұл баланың терезе алды тақтайшасына кездейсоқ шығуына жол бермейді;
– балаға терезе қалай ашылатынын көрсетпеңіз. Терезені өз бетінше ашуды қаншалықты кеш үйренсе, оның пәтерде болуы соғұрлым қауіпсіз болады;
– балаға терезеден немесе балконнан көшеге қарау үшін орындықты немесе басқа құрылғыны аяғының астына қоюды үйретпеңіз. Кейіннен, осылай әрекет ете отырып, сыртқа ұмсына қарау нәтижесінде терезеден (балконнан) құлап кетуі мүмкін.
Москит торлары көп қауіп төндіреді:
– бала алда қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді сүйенеді, нәтижесінде ең кішкентай бір жасар баланың салмағына арналмаған тормен бірге құлап кетуі мүмкін;
– егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорқатын болса, оны тіпті аз мерзімге де жалғыз қалдырмаңыз. Көбінесе балалар қорқыныш сезініп, ата-аналарын көру үшін терезеден немесе балконнан қарайды, нәтижесінде бала құлап кетуі мүмкін. Балалардың денсаулығын бірге сақтайық.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі.

Поделиться ссылкой: